24 млн. теңге қарыз өтелді
Биыл прокуратура, атқарушы өндіріс және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесінде жалақы бойынша қарызды өтеуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Қолданған шаралардың арқасында жалақы қарыздары 88 млн. теңгеден 6 млн. теңгеге дейін төмендетіліп, 639 еңбек етуші адамның құқығы қорғалды.
Мысалы, 2 күннің ішінде «Север-птица» АҚ-ның 293 жұмыскерінің алдында 24 млн. теңге қарызды өтеу мүмкін болды.
Бұл жалақы бойынша қарызды уақтылы өтеудің жалғыз мысалы емес. Аталған бағытта жұмыс жалғастырылып келеді.