Өнерім-өмірім

(Мәдениет қызметкерлерінің әнұраны)
Сөзі  Абылай Маудановтікі.
Әні Бақытжан Сәуекеновтікі.
 
Әспеттеп ерлердің жеңісін,
Кеудеден ақтарған кенішін.
Әнші де, күйші де, тілші де,
Еңбегін арнаған ел үшін.
 
Қайырмасы:
Ұлтымның қазығы,
Жұртымның азығы.
Өнері халықтың,
Мерейі даңқтың.
Өмірдің мәнісін,
Көңілдің сәнісің, өнерім.
Кемедей асыққан жағаға,
Кіршіксіз көңілін бағала.
Сырнайдың сазымен төгілген,
Өнермен өрнекті замана.
 
Қайырмасы.
Әнменен көңілді ашасың,
Күйменен жан шөлін басасың.
Ұлтымды шыңдаған рухымды
Өнерім мәңгілік жасасын!
 
Қайырмасы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓