Жәбірленуші күдікке ілінді
Пышақ жарақатын алған Қашар кентінің тұрғыны жәбірленушіден күдіктіге айналып шықты. 32 жастағы азамат өзімен бірге тұратын әйелмен спирттік ішімдік ішеді. Сәл уақыттан соң араларында ұрыс-еріс басталып, салдарынан қарнынан пышақ жарақатын алады. Көп кешікпей ауруханаға жеткізілген.
Келесі күні таңертең тәртіп сақшылары жәбірленушінің пәтерін тексергенде 4 грамм марихуана табылған. Сотта ер адамның айтуынша, ол орамадағы есірткілік затты үйіне кіреберісте баспалдақтан тауып алған. Оны Рудный қалалық соты кінәлі деп тапты. Ол 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылады.