3 адам зардап шекті
Қостанай облысында газ баллоны жарылып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Таран ауданының Аят ауылында болған. Северный көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан.
«Үй ішіндегі жиҺаздар мен тұрмыстық заттар жанған. Салдарынан 50 литрлік газ баллоны жарылды. Жарылыс нәтижесінде үйдің қабырғалары сөгіліп, шатыры құлаған», – дейді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Өрт кезінде 29, 38 және 55 жастағы үш адам үй ішінде қалып қойған. Оларды өрт сөндірушілер құтқарып, алғашқы медициналық жәрдем көрсетті. Аз уақыттан кейін олар ауруханаға жеткізілді. Өрт 1,5 сағаттың ішінде толығымен сөндірілді.