Қостанайлық қарсылас шыдатпады

Таразда КСРО спорт шебері Б.Ташметовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы дзюдо күресінен XIV Халықаралық турнир мәреге жетті. Бұл туралы "КН" сайты жазады.джудоБозкілем бәсекесіне Қазақстаннан 14 құрама және Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Оңтүстік Корея, Армения, Грузия, Әзербайжан, Беларусия, Моңғолия елдерінің командалары қатысты. Спортшылардың жалпы саны 600-ге жетеді.
70 келі салмақ дәрежесінде облыс намысын қорғаған "Еуразия" спорт клубының тәрбиеленушісі, әлем чемпионатының жүлдегері, дзюдодан ел чемпионы Маргарита Гриценко 1-орын жеңіп алды. Ол жарыс барысында Алматы, Астана және Қарағанды қалаларының спортшыларымен кездесіп, бәрін тізе бүктірді.
Ал Қостанай облысы атынан Маргаритамен бірге татамиге шыққан тағы бір балуан Сұлтан Көшербаев, өкінішке қарай, финалға жете алмады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓