Сот орындаушы ақша жымқырған

Қостанай облысында жеке сот орындаушысының заңсыз әрекеттері әшкере болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. сотСот орындаушысының заңсыз әрекеттерін анықтау үшін прокуратураға «Дархан» шаруа қожалығының басшысы шағым түсірген. Шағымданушы сот орындаушысының 246 мың теңгені жымқырғанын алға тартады. Осы факт бойынша Қостанай қаласының прокуратурасы тексеру жүргізді.
«Зерттеу нәтижелері бойынша «Дархан» шаруа қожалығының «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на  7 487 729 теңге қарыз екені анықталды. Айыппұл өндіру туралы атқару құжаттары нәтижесінде шаруа қожалығынан алынған 246 мың теңгені жеке сот орындаушысы  АҚ есепшотына аударуы керек еді. Бірақ, ол ақшаны өз есебіне жұмсаған»- делінген сот хабарламасында.
2016 жылы 10 тамызда жазылған сот орындаушысының наразылық хаты қабылданбады. Осылайша, облыстық соттың шешімімен 246 мың теңге шаруа қожалығына қайтарылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓