Сот директордың құқығын қорғады

Қостанай облысының Денисов аудандық соты Денисов ауылындағы орта мектеп директорын жұмысқа қайта алу, мәжбүрлі жұмыссыз жүрген мерзімдегі еңбекақысын және моральдық залалды өндіру туралы азаматтық істі қарады.сотсотсот
Азаматтық іс материалдары бойынша, азаматша М. 1986 жылдан бастап мектеп директоры болып қызмет істеген. Осы жылдар ішінде оқу орны тек ауданда ғана емес, облыс бойынша алдыңғы қатарлы білім ошағы ретінде танылған. Оқушылар білім көрсеткіші жағынан өте жақсы жетістіктерге қол жеткізіп, бірнеше рет “Алтын белгі” алған. Мектеп басшысының атына түскен алғыс хаттар да жоқ емес. Ал, ағымдағы жылдың 18 мамырында “Денисов орта мектебі” ММ мемлекеттік аттестациядан сүрінбей өткен. Сонымен қатар, директор өзінің ұлғайған жасына қарамастан сырқаттану бойынша немесе өтемақысыз демалыс алмаған. Соттық талқылау барысында талапкердің қолданыстағы ҚР Еңбек кодексіне сай бір ай мерзім бұрын жазбаша ескертусіз жұмыстан шығарылғаны анықталды. Азаматша М.-мен еңбек келісім-шартын бұзу туралы бұйрықта ҚР Еңбек кодексінің 51 бабының 2 бөліміне сілтеме жасалып, еңбек келісім-шарты оның мерзімінің өтуіне байланысты бұзылғандығы нақтыланады. Алайда, құжатта келісім-шарттың қашан бекітілгені және оның қашан мерзімі аяқталғаны көрсетілмеген. Жауапкер мен талапкер арасындағы еңбектік қатынас мерзімсіз сипатқа ие.
Сот талапкерді жұмыстан шығаруға негіз таппай, Денисов орта мектебінің директоры М.-мен еңбек келісім-шартын бұзу туралы Денисов аудандық білім бөлімінің бұйрығын заңсыз деп танып, күшін жойды. Сонымен қатар, сот шешімімен талапкер пайдасына 72 200 теңге көлемінде еңбекақы, 30 000 теңге моральдық залал өтемі және 10 000 теңге соттағы өкіл қызметіне шығын өтемі өндірілді. Жұмысқа қайта орналастыру және Денисов аудандық білім бөлімімен жалақы өндіру туралы шешімнің шұғыл орындалуы туралы қаулы шығарылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Қ.МАРАТҚЫЗЫ  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓