Көлік өртеніп, газ баллоны жарылды

Өткен сенбіде Затобол кентінің Олимпийский көшесіндегі аулалардың бірінде жеңіл көлік толықтай өртеніп кетті. Оған жақын жерде тұрған газ баллоны да жарылған. Куәгерлер "Алау" редакциясына фотосуреттер мен бейне жолдаған.баллолнОқиға орнына №10 өртсөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп жетіп, тілсіз жауды көбік шашу арқылы ауыздықтаған. Өрт сөндірушілердің алдын ала болжамдары бойынша, автокөліктегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себепші болуы бек мүмкін. Тергеу амалдары жалғасуда. Жапа шеккендер жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓