“Өз қан қысымыңды анықта”

Осындай атаумен дүниежүзілік “Жүрек күніне” орай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының  ұйымдастыруымен акция өтті. Іс-шара қаланың қоғамдық орындарында, оның ішінде ХҚКО-да, Қазпоштада, орталық әмбебап дүкенде, “Март”, “Емшан” сауда орталықтарында өткізілді. Мақсат – жүрек-қан тамырлары ауруларын жеңілдетуге және сырқаттың алдын алуға жағдай жасау, халыққа арнайы тексерулерден өтіп, қан айналымы жүйесі аруларын анықтау қажеттігі туралы ақпарат беру, жалпы тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру әрі қолдау көрсету.IMG_1943
 
IMG_1958
IMG_1955-Науқан бойынша біз қатысушының артериялық қан қысымын, көздің ұсақ тамырлары қысымын, қандағы қанттың деңгейі мен холестерин мөлшерін анықтаймыз. Жыл сайын өтетін бұл шараның ұйымдастырылуы әр адамның денсаулығына деген жауапкершілігін ұлғайтып, кішігірім болса да ауруының алдын алуға септігін тигізеді деп ойлаймын, – дейді Қостанай қалалық №1 емхана маманы Әсем Тасмұхамбетова.
 
Тұмарым Бабасанова,
ҚМУ Журналистика мамандығының 3-курс студенті

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓