Көлік тонап, күнін көрген
Андрей колледжді бітіргенімен жұмысқа орналасуға асыққан жоқ. Өзінің жұмыс істемейтін жолдастарымен бірге шатхана, компьютер клубтарында уақытын ойын-күлкімен өткізетін. Бірақ, осының бәріне ақша қажет бол-ғандықтан Андрей оңай жолды іздестірді.

Құқық қорғау органдары көп ұзамай Андрейді құрықтады. Қостанай қалалық №2 соты оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 175 бабының 2-ші бөлімі бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырды.
Андрей Қостанай қаласының қылмыстық-атқару инспекциясының бақылауына алынды. Андрейге жұмысқа орналасу, жұмыс пен оқудан кейін тұрғылықты мекенжайы бойынша болу, көңіл көтеретін орындарда жүрмеу сияқты міндеттер жүктелді.
Қостанай қаласының қылмыстық-атқару инспекциясының материалы бойынша дайындалды.