Жол апатынан жылқы мерт болды
Қостанай-Астана бағытындағы тас жолының бойында көлік апаты болды. Қарасу ауданына қарасты Октябрь ауылының іргесінде жеңіл көлік жол жиегіндегі жылқыны соққан.

Апаттың салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы түрлі дене жарақаттарын алды. Ал, жануар оқиға орнында мерт болды. Қазіргі таңды оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мешіт Ғазиз