17 жастағы бойжеткен өлі күйінде табылды
Жітіқара ауданының тұрғыны 17 жастағы Нина Стафеева 1 мамырдан бері із-түссіз кеткен еді. Полицияға оның ата-анасы хабарласты. Олардың айтуынша, бойжеткен достарымен бірге табиғатта демалуға шыққан. Жастар сонда түнеуге қалған. Түннің бір уағында Нина достарынан бөлек кеткен. Сол күйі оралмаған.
Қыздың өлі денесі тек 12 мамырда Желқуар өзенінен табылды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, Нина Стафеева суға батып өлген. Қазір "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қаза болған қыздың өлігін толық зерттеу үшін жедел тергеу тобы құрылды.
Махаббат Бекбай