Машина құрастырушылар мерекесі

28 қыркүйек– Машина құрастырушылар күні. Айтулы мерекеге орай Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бірқатар көлік өндірушіге құрмет грамотасын тапсырды.IMG_1766
Машина жасау саласы – ел экономикасын алға ілгерілетуші жетекші фактор. Қостанайдағы «СарыАрқаАвтоПром» зауыты – Қазақстандағы машина жасау ісінің негізгі өндіріс алаңы. Өндіріс ошағы шет елдердегі ірі компаниялармен тығыз қарым-қатынас орнатып, техникалық жетістіктерді меңгеріп келеді. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты.IMG_1827
 
IMG_1785«Дизель зауыты 80 жылдардың соңында салынды. Бірақ, кешегі тоқырау кезінде бұл кәсіпорын жабылып, жүздеген адам жұмыссыз қалды. Мемлекеттің қолдауы арқасында,  2010 жылы «СарыАрқаАвтоПром» АҚ елдегі қарқынды дамушы кәсіпорындардың біріне айналды. Қазір біз Қытай, Ресей, Өзбекстан сияқты елдермен тығыз байланыстамыз. Соңғы жеті жыл ішінде облыста 30 мың автокөлік құрастырды. Көліктің кейбір бөлшектерін зауыт өзі шығарады. Бүгінде оның үлес салмағы 33%-ға жетті. Осы жолда аянбай еңбек етіп келе жатқан көлік құрастырушыларды төл мерекелерімен құттықтаймын!» – деді өңір басшысы.IMG_1841
 
IMG_1845
IMG_1857Жиында кәсіпорын жұмысшыларына грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мереке иелерін облыстық филармонияның әншілері құттықтады.IMG_1812
 
IMG_1852Айбек Ибраев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓