Полицейге пышақ жұмсады

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында психикалық ауытқуы бар ер адам полицейге бағынбай, оған пышақ салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. убийца ножОқиға 16 қыркүйек күні Харьков ауылында болған. Осы күні аудандық ішкі істер бөліміне Харьков ауылының тұрғыны қоңырау шалып, ағасын облыстық психиатриалық ауруханасына жеткізуін сұрайды.    
«Сырқатты апаруға Меңдіқара ауданы полиция қызметінің уческелік инспекторы Уәлихан Жүсіпов жіберілді. Жүсіпов пациенттің үйіне кірген соң, келген себебін түсіндіреді. Облыстық психиатриалық ауруханасына барғысы келмеген ер адам көнбей, уческелік инспектордың ішіне пышақ сұғып алды» – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
Жарақат алған полицей Харьков ауылынан аудандық ауруханаға жеткізілді.
«Полицей ауыр халде түсті. Оның артериясы, өт қабы және бауыры зақымданған. Аудандық ауруханаға жеткенше 4 литрден астам қан жоғалтқан. 4 сағат ота жасадық. Қазір жағдайы бірқалыпты», – деді Меңдіқара аудандық ауруханасының бас дәрігері  Марина Гизбрехт.
Сараптама қорытындысына сәйкес, пышақ сұққан ер адам шизофрения ауруына шалдыққан. Қазір ол психикалық емдеу орталығына ауыстырылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓