Темекі қымбаттайды

Қазақстан үкіметінің 2017 жылдың 25 қыркүйегіндегі Қаулысымен «Фильтрлі, фильтрсіз темекілер және папиростардың ең төменгі бөлшек сауда бағаларын бекіту туралы» 2007 жылдың 4 сәуіріндегі қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
burning cigarette with smoke on black background

burning cigarette with smoke on black background

Құжатқа сәйкес, 20 түрлі темекінің (фильтрлі, фильтрсіз және папирос) минималды бөлшек сауда бағасы бекітілді, атап айтқанда:
1) 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін үш жүз жиырма теңге;
2) 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2018 жылдың 30 маусымына дейін үш жүз қырық теңге;
3) 2018 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін үш жүз алпыс теңге;
4) 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жүз сексен теңге.
Қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күннің ішінде күшіне енеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓