“Еңбек Даңқы” эстафетасы мәреге жетті (фоторепортаж)
Қостанай облысының құрылғанына 80 жыл толуын мерекелеу аясында қолға алынған "Еңбек Даңқы кітабы" өңірдегі елді мекендерді аралап, еңбек ерлерінің есімін жаңғыртуды жалғастыруда.
7 маусым күні айтулы жинақты Қостанай ауданы Федоров ауданынан қабылдап алған болатын. Бүгін эстафета салтанатты түрде Қостанай қаласына тапсырылды. Мерекелік іс-шараға Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов, аудан әкімі Тәуба Исабаев, облыстық ішкі саясат басқарамасының басшысы Мәжит Мақсұтұлы, облыстық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин мен Қостанай облыстық мұрағат және құжаттама басшысы Гүлжан Меңдекенова қатысты.




Толығырақ газеттің келесі санынан оқи аласыздар.
Кенже ҚОНЫСБАЙ.
Суреттерді түсірген Алмас БАТЫРХАН.