Жылу қашан беріледі?
Қостанай жылу-энергетикалық компаниясының бас инженері Николай Беляк қалаға жылыту маусымы жайлы айтты,-деп хабарлайды alau.kz тілшісі. Бас инженердің айтуынша, компания қала әкімдігінің арнайы қаулысын күтіп отыр. Егер қаулы бүгін шығар болса, онда дереу мектептерге, ауруханалар мен балабақшаларға жылу беріледі. Таяу арада ортақ жылу есептегіш орнатылған тұрғын үйлердің де "бойына қан жүгіруі" мүмкін.
"Мұндай үйлерге арыз бойынша жылу қоса аламыз. Бірақ бір өтініш бар. Жылу берілгенге дейін ПИТК міндетті түрде батареялардағы барлық суды ағызуы тиіс. Мұны кемінде екі рет қайталау қажет. Яғни суды ағызып, қайта толтырып, қайта ағызу шарт. Тек содан кейін ғана жылу қосуға болады. Сондай-ақ, бұл ағызылған су үшін тұрғындар ештеңе төлемейді", – деді Н.Беляк.

Ал жылу есептегіші жоқ үйлер жылуға қол жеткізулері үшін әзірлік құжатын даярлап отыруы керек.