Өндіріс – экономика өзегі

Қазақстанда дағдарыс жоқ. Сондықтан, эл экономикасына серпін беретін ірі жобалар жұмысын сенімді түрде жалғастыра беруі қажет. Жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында  Президент отандық өнім өндірушілерге  осындай міндет жүктеген еді. Индустриалды-инновациялық жобалар шеңберінде жүзеге асқан өндіріс ошақтарының бүгінгі аяқ алысымен етене танысу үшін Үкімет мүшелері ел ішін аралап жүр. ҚР инвестиция және даму  министрі Әсет Исекешев Қостанайдағы «ЕразКаспианСталь» кәсіпорыны мен «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасында болып, өндіріс ошақтарының жұмыс ырғағымен танысты. IMG_7221асие
Қостанайдағы «ЕвразКаспианСталь» ЖШС-і 2013 жылдың тамыз айында іске қосылды. Содан бері елімізде алғаш рет құрылысқа қажетті арматура шығарумен айналысады. Бұл солтүстік өңірде индустриаландыру картасының  аясында қолға алынған ірі инвестициялық жоба. Бүгінде қостанайлық кәсіпорынның даңқы тек Қазақстанға ғана емес, шет елдерге де жақсы танымал. IMG_7191асе
Өткен жылы кәсіпорын 92 мың тонна арматура өндірген. Ал биылғы жоспар одан да ауқымды. 350 мың тонна өнім шығару меженінп отыр. Соның 80 мың тоннасын  бірінші  тоқсанда өндіреміз дейді зауыт мамандары. Қазір өндіріс ошағында 250 адам жұмыс істейді. Серіктестік директоры Сергей Сотников ешқандай қысқарту болмайды деп кесіп айтты. «Жұмыс көлемін азайту туралы да сөз қозғауға негіз жоқ. Өйткені, кәсіпорын демалыссыз,  тәулік бойы жұмыс істейді,-деп мәлімдеді ол.
Кәсіпорындағы өнім өндіру көлемі осында жұмыс істейтін бір жұмысшыға шаққанда 39 мың 100 АҚШ долларына тең. Бұл зауыттың өндірістік қуаты  60 %  жұмыс істеп тұрғандағы жағдай.Тек келесі, 2016 жылы ғана «ЕвразКаспианСталь» кәсіпорыны толық күшіне енеді.
Өндіріс ошағының басшылары министрден толғақты мәселені тезірек шешуге көмектесуін өтінді. Кәсіпорынға тиіп тұрған темір жолдың жоқтығынан жүк тиеу мұңға айналған. Ескі теміржол сексенінші жылдары пайдалануға беріліпті. Ол әбден тозығы жеткен және кәсіпорынды айналып өтеді. «Бұл маңда өңірдегі үш ірі өндіріс – «АгромашХолдинг», Үй құрылысы комбинаты және «ЕвразКаспианСталь» бар. Үшеуі бір-біріне жапсарлас орналасқан. Егер теміржол тұйығын салуды кешеуілдетсек, онда жақын арада жүк тиеудің зардабы үлкен проблемаға айналуы мүмкін»,-деді Сергей Сотников. IMG_7235асин
Министр  жолай «Баян сұлу» кондитер фабрикасына  соқты. Аты айдай әлемге мәшһүр кәсіпорын қаржы дағдарысы қаншалықты жаналқымнан алса да, бір сәтке де жұмысын тоқтатқан жоқ. Облыс басшылары мәртебелі мейманға Қостанайда жасалған өнімдерді көрсетті.
Шыны керек, бүгінде елімізде жалғыз кондитер өнімдері ғана емес, тұтас азық-түлік өндірісі ақсап тұр. Бұл енді уақытша құбылыс. Кәсіпорын басшысы Василий Трайбердің айтуынша, фабрика өткен жылы 41 мың тонна кондитерлік өнім шығарса, соның 35 пайызы экспорттаған. Қостанай тәттілері Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан,  Германия, Монғолия, Түркіменстан, Ауғанстан  елдеріне жөнелтіліпті. Жалпы, кәсіпорын қазіргі таңда 250-ден астам түрлі кәмпит-печеньелер өндіреді. Биыл жоғарыда біз айтқан  көрсеткіш көп төмендепті. IMG_7140асие
-Соған қарамастан, біз ертеңгі күнге үлкен сеніммен қараймыз. Әрине, өндіріс толық қуатымен жұмыс істеп тұрған жоқ. Жұмыскерлер бұрынғысынша екі ауысымда еңбек етеді. Ешкім де жұмыстан шығарылмайды,-деді кәсіпорын директоры.  IMG_7157асие
Өндіріс ошағы үстіміздегі жылы да жаңа жобаларды жүзеге асырмақшы. Олай деуімізге себеп, қазірдің өзінде  өнімділігі мейлінше жоғары өндіріс цехының құжаттары дайын тұр. Тек, оған 1,5 млрд.теңге несие қажет. В.Тарайбер сөз арасында: «Біздің өнімдерге тұтынушылардың сұранысы өте жоғары. Сондықтан ең бірінші сапаға көңіл бөлеміз. Президенттің өзі халықты Қазақстанда жасалған өнімдерді тұтынуға үндеді емес пе. Өте дұрыс ұсыныс. Мен де соны айтар едім. «Баян сұлудың» өнімдері жоғары сапалы. Тіпті, Ресей,Украинадағы әріптестерімізбен еркін бәсекелесе аламыз,-деген-ді.
ҚР инвестиция және даму министрі  өндіріс ошақтарына мемлекет тарапынан тиісті көмек көрсетіле береді деп сендірді.
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓