Қостанайда – қос ел кітапханашылары

Бүгін Қостанай қаласында "Ұлы даланың жеті қыры": қазақстандық қоғамның рухани дамуындағы кітапханалардың рөлі" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр. Екі күнге жоспарланған ауқымды шара пленарлық отырыспен басталды.ABT_6782
Конференцияның Тобыл өңірінде өтуі бекер емес: биыл Қостанай кітапхана ісінің құрылғанына 125 жыл толып отыр. Осы елеулі дата төркін болған кең ауқымды шараға Қазақстан және Ресейдің облыстық кітапханаларының директорлары мен мамандары, сала ардагерлері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, шығармашылық қауым, ҮЕҰ өкілдері және оқырмандар қатысты. Отырыс тізгінін ұстаған облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов дерек еткендей, мәжіліске ұзын саны 200-ден астам адам жиналған.ABT_6783
Пленарлық жұмыстың көздегені – кітапхана жұмысын заманауи жағдайға сай жетілдіру, цифрландыру үдерісіне ілесу, өлкетану саласындағы жобалық жұмыстарды пысықтау, оқырман тарту тетіктері, ел мүддесіне бағытталған жобаларды насихаттау жұмыстарын жетілдіру, өзара тәжірибе алмасу. Осы мақсатта Қостанай облыстық Л.Толстой атындағы ОӘҒ және Павлодардағы С.Торайғыров атындағы кітапханалардың директорларының баяндамалары тыңдалды.ABT_6790
Ал жалпы елдегі кітапхана ісінен ҚР Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Оспанова ақпарат берді. Оның айтуынша, Қазақстанда 11091 кітапхана бар. Оның 6 мыңнан астамы Білім және ғылым министріне қарайды. Осынша мекемеде 19 мыңнан астам кітапханашы жұмыс істейді. Жалпы кітап қоры 73 млн данадан асады. Оқырмандармен жұмыс та соңғы жылдары оңалып келеді. Елді тұтастай қамтығанда, тұрғындарды ынталандыру бағытында әртүрлі сипаттағы 190254 іс-шара өтіпті. Нәтижесінде, биыл кітапаханаға тұрақты баратын қазақстандықтар саны 4 млн-нан асса, солардың 2 млн 762-сі жастар көрінеді.ABT_6785
Биыл тәуелсіз ел тарихында алғаш рет кітапханашылар ахуалына көңіл бөлінеді. "Жалақылары өсіп, материалдық игілік жасалатыны мамандарды қуанышқа кенелтіп отырғаны жасырын емес", – дейді Б.Қайырбекқызы. Дей тұрғанмен, аталған салада түйткілдер де аз емес. Мәселен, білікті кадр мәселесі қашаннан өзекті, аударма ісі де алға оздыруды талап етеді. Кітапханашылар қызметі сырт көз ойлағандай жеңіл емес, кітапхананың мәдени, рухани, тіпті саяси катализатор екенін айтты. Ол әріптестеріне атқарылар жұмыстардың, ауқымды жоспарлардың алда тұрғанын, осы жыл маңызды оқиғаларға толы екенін тоқтала айтып, істеріне сәттілік тіледі. Отырыстың басты меймандарының бірі, ғалым, журналист, тарихшы Сағымбай Қозыбаев та кітапханашы қауымға лебізін білдірді.
Жиналыс соңында кітапхана ісіне қомақты үлес қосқан мамандар облыс әкімі А.Мұхамбетовтің мадақтамасымен және "Кітапхана ісінің үздігі" төсбелгісімен марапатталды.
Жұмыс күнінің екінші жартысында Қостанайдағы кітапханаларда секциялық отырыстар өтеді. Сондай-ақ, бүгін 17.00-де А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де шара мейманы Сағымбай Қозыбаевтың шығармашылық кеші жоспарланған. Ал конференцияның екінші күнінде Л.Толстой атындағы ОӘҒК-да ақпараттық сауаттылық, ақпараттық мәдениет, қарым-қатынас және әлеуметтік желіде жұмыс істеу мәселелері бойынша тренингтер өтеді.
 
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓