Қарттар күніне орай…
Қарттар күні қарсаңында, яғни 30 қыркүйекте Қостанай қаласында ауыл шаруашылығының жәрмеңкесі өтеді. Сауда-саттық үш жерде – сити-орталықта, Жауынгер-интернационалистер, Арыстанбеков, Чкалов көшелері қиылысында (8 және 9 шағын аудандары), КСК шағын ауданындағы Текстильщик-Қобыланды батыр көшелері қиылысында ("Жастар" бульварына қарама-қарсы) ұйымдастырылады. Жәрмеңкеге барлық аудан-қалалардың кәсіпкерлері тауарларын әкеліп, нарықтағы бағадан 15-20%-ке арзандатып сатады. Барлық нүктедегі сөрелер таңғы сағат 9.00-де ашылады.
Айта кетейік, 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында қарттарға қаладағы қоғамдық көлікпен жүру тегін болады.