Ардагер әлем чемпионы атанды

15-17 қыркүйек аралығында Белоруссияның Витебск қаласында гір триатлонынан үшінші бүкіләлемдік олимпиада өтті. Байрақты жарысқа Беларуссия, Ресей, Латвия, Қазақстан, Эстония, Германия, Польша, Африка, Австралия сынды 20-дан астам елден 300-ге жуық спортшы қатысқан. Бұл туралы Қостанай қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне сілтеме жасап, alau.kz хабарлайды.СнимоклОлимпиадаға мектеп оқушылары да, 80-нен асқан ардагерлер де қатысты. Қазақстанның намысын 77 жастағы қостанайлық Александр Чебаный қорғаған еді. 
"Біздің ардагер 75 және одан да жоғары жастағылар тобында 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол он келілік екі гірді көтеруден бәсекеге түсті. Регламент – 5 минут, – деді спорт бөлімі қызметкерлері.
Спорт ардагері үш аталым бойынша алдына жан салмай, жеңімпаз атанды. Екі гірді 115 рет бірдей серпи көтерді және 141 рет жұлқа көтере білді. Ал классикалық қоссайыста А.Чебаный 256 ұпай жинады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓