Жылыжай жемісін көріп отыр

Бүгіндері шағын кәсіпкерлікке өріс кең. Мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсібін өрге домалатып отырғандар жетерлік. Солардың бірі – Ұзынкөл ауданының тұрғыны – Нұрым Ағытаев.IMG_0247 - копияҚостанай өңірі – ауыл шаруашылығына бейім аймақ. Шөбі шүйгін, жері құнарлы. Қыратында қырық түрлі сырқатқа ем болған өсімдік өсер. Осыны тереңнен түсінген Нұрым Сабырұлы жылыжай ашып, қысы-жазы үздіксіз көкөніс өсіріп келеді. Ағамыздың негізгі мамандығы – инженер. Бірақ жеке кәсіп жанға жайлы дейді ол.IMG_0242 - копия-Ауылда тұрғасын шаруашылыққа бет бұрдым. Әйтпесе, жұбайым екеуміз біраз жыл мемлекеттік қызметкер болғанбыз. Орта жастан асқан соң жанға жайлы жұмыс іздейсің. Сосын жылыжай салып, көкөніс өсіруді жөн көрдім. Қазір жаман емес, жемісін жеп отырған жайымыз бар. Мемлекеттік грантты ұтып алып, екінші жылыжай салдық,-дейді.Өңірде үй шаруашылығы, яғни жеңіл кәсіп кенжелеп тұр. Аймақтағы шаруалар мал мен егінді жөн санайды, ал грант саны шектеулі.IMG_0253 - копияМәселен, суреттегі мына жылыжайдың құны – 3 млн теңге. Мұнда қияр өсіреді. Әуелі «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы үкіметтен 2,7 млн теңге алған. Үстіне өзі 300 мың қосып, құрылысқа кіріскен. Солтүстік облыстарда жылыжай салу үшін қыруар қаржы жұмсалады. Өйткені күн суық, қабырғаны барынша қалыңырақ ету қажет.IMG_0244 - копия-Бұл кәсіп үнемі күтімді талап етеді. Құмын қопсытып, суарып, қалыпты температураны сақтап отыру қажет. Бізде су да, пеш те электронды. Бір жазда екі рет өнім аламыз. Қиярдан бөлек, қызанақ, баклажан өсіремін. Жоспарда жеміс-жидек өсіру де бар,-дейді кәсібіне риза болған Нұрым Ағытаев.IMG_0281 - копияЖақында жылыжайға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те ат басын бұрған-ды. Шағын кәсіптің шапағатын көріп отырған шаруаға сәттілік тілеп, барынша көмек беруге уәде еткен болатын.    
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓