Бюджет қаржысы қайта қарастырылды

Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыстық бюджетке түзету енгізу туралы әкімдік ұсынысын депутаттар бірауыздан мақұлдады.акимат
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спановтың айтуынша, мемлекеттік сатып алуға бөлінген бюджет қаржысының шығыс бөлігін үнемдеуге тура келген, сондай-ақ қаражаттың белгілі мөлшері кейбір шығыс көзінен босатылады. Қосымша қаржының молырақ сомасы – 753,9 млн теңге энергетика басқармасы мен ТКШ бөлімінің иелігіне беріледі.  Оның ішінде, 658,2 млн теңге Арқалық жылу-энергетикалық орталығына мазут отынын сатып алуға бөлінбек. Жалпы сомасы 2 млрд теңге қаржы қайта қарастырылып отыр.
Сонымен қатар, қаржылық үстемеге ие болған ауқымды жобалардың ішінде облыстық маңыздағы Арқалық-Торғай тас жолының жөндеу жұмыстары бар. Басқарма басшысының мәліметіне сүйенсек, бұл күрделі жөндеуге осы жылы 1 млрд теңге құйылған. Жұмыс қарқыны көзделген межеден озық келеді, сондықтан тағы жарты миллион қаржы қарастыру ұйғарылып отыр.
Тағы 500 млн теңгеге жуық қаражат алты аудандағы және Лисаков қаласындағы орта мектептің күрделі жөндеуіне бағытталады. Мұның сыртында, тағы 50 млн теңгеге Ұзынкөл ауданындағы Мәдениет үйі жөнделеді.
Ал облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Арқалық ЖЭО-на отын алуға бөлінген қаржының ақпан айына дейін ғана жететінін айтты.
-Қазір біз үкіметпен келіссөздер жүргізудеміз. Олар бірер күнде жылыту маусымының соңына дейін жететін отын алуға мүмкіндік беретін қаражат бөлуі керек, – деді өңір басшысы.
Ол сондай-ақ 2-3 жылдың айналасында Жанкелдин ауданына дейінгі тас жол жөнделіп бітетінін айтты. Таяу арада барлық аталған нысандарды аралап, жұмыс барысын бақылап қайтпақ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓