Бокстан облыс чемпионаты өтті
«Сұлтан» кәсіби спорт клубында 14-17 қыркүйек аралығында бокстан ересектер арасында облыс чемпионаты өтті. Оған облыс аудандары мен қалаларынан мықты деген боксшылар қатысты. Жарыстың бас төрешісі Берік Мырзахметовтің айтуынша, бұл чемпионатта жүлдегер атанған арасынан облыс құрамасы жасақталады. Үш күнге созылған жарыста жеңімпаздар қатарынан Е. Бабичев, А. Мұқанов, Н. Шваб, С. Карбивнычный, Т. Қабиевтер көрінді.
Сонымен қатар, «Жеңіске деген жігері» арнайы сыйлығына Қостанай ауданынан келген боксшы Ережепов Жандос ие болды. «Үздік техникалық боксшы» болып Сергей Карбивнычный танылса, турнирдің «Ең үздік боксшысы» атағына Николай Шваб (Жітіқара) ие болды.
Боксшылар қараша айында Шымкент қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!
Дәмер Елтайұлы,
спорт шолушысы