Әкелік құқықтан айырылды

акеликҚостанай облысында түрлі сырқаты бар тоғыз жасар ұл бала ата-анасыз қалды.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сүйенсек, сот баланың анасын да өз құқығынан айырған. Ол кезде баласы небары 3 жаста еді. Анасыз қалған ұл 2011-2014 жылдары «Дельфин» балалар үйінде, одан соң жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 2 мектеп-интернатында тәрбиеленді.
2016 жылғы қазанда Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің келісімі негізінде азамат Т. АХАТ органы арқылы әкелігін орнатып, баланы өз тәрбиесіне алып кетеді. 
2017 жылы сәуір айында мұғалімдер бала денесіндегі көптеген дене жарақатын көреді. Оның сабағы нашарлап, мінез-құлқы да өзгере бастайды. Оқушымен жеке жұмыс істеу кезінде әкесінің ішімдік ішкен күйде белбеумен ұрғаны анықталды.
Әкесіне қатысты ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қостанай қаласы ІІБ тексерісінен соң азамат Т.-ның тұрғын үйсіз, жатақхананың бөлмесінде тұратыны белгілі болды. Сондай-ақ, ол қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке бірнеше рет тартылған.
Істің мән-жайын зерделеп, тараптарды тыңдап, сот азамат Т-ны ата-ана құқығынан айырды. Сондай-ақ, «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ,  «Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ, Қостанай облысы білім беру басқармасы атына Қазақстан Республикасы заңын бұзғаны туралы жеке ұйғарым шығарылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓