ЖКО: 5 жасар сәби көз жұмды
Жол апаты бүгін Рудный қаласының Ленин көшесі бойында таңғы сағат 8 шамасында болған. «Skoda Rapid» көлігін тізгіндеген 30 жастағы жүргізуші өтпе жолда 55 жастағы әйел мен оның 5 жасар немересін соғып кеткен. Салдарынан сәби оқиға орнында көз жұмды. Әйел ауыр жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді.
Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.