Борышкерлер қатаң жазаланбақ

«Қостанай Су» мекемесінің мамандары сот орындаушылары мен жергілікті полиция қызметінің көмегіне жүгініп, коммуналдық төлемдер бойынша рейдке шықты. «Қостанай Су» мекемесі директорының орынбасары Арман Жүнісовтің айтуынша, шағын отбасылар жатақханасындағы тұрғындардың қарызы 71 млн теңгеге жеткен.ктэк
– Мәселен, Қобыланды батыр көшесіндегі №24 үйдің 79 абоненті 2 миллион теңге берешек. Рейд барысында 73 абонентке ескерту хабарламасы қалдырылды. Барлық қарызы 31 064 теңгені құрайтын үш пәтер салқын судан ажыратылды. Қарыз төлеуді кешіктерген 18 үйдің иесіне сотқа шағым түсірілді. Олардыңи берешегі 746 мың теңге. Алдағы уақытта қаладағы барлық шағын отбасылар жатақханасын аралап шығамыз, – деді Арман Жүнісов.
Қарызын төлемеген тұрғындарға қатаң жаза қолданылатын болады. Оның әуелгісі – мүліктері тәркіленеді. Мойнында қарызы бар азаматтар шекара сызығын аттап баса алмайды. Бұл ҚР "Сот орындаушылардың атқарушылық өндірісі және беделі туралы" заңының 33 бабында көрсетілген. Ал облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аппарат мәжілісінде өткен жиында коммуналдық мекемелерге қарызы көп тұрғындардың есімдерін баспасөзге жариялауды ұсынды.
 
Қ.Боранбайұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓