“Серпіндіктердің” мақсаты не?
Жақында ғана Таран көшесі «Тәуелсіздік» деген атаумен өзгерді. Бұл өзгеріске қаладағы барлық қазақ болып қуанып қалдық.
Студенттер болып осы қуанышты әңгіме қылып отырғанымызда мынадай бір жағдай болды. «Серпін» бағдарламасымен оқып жүрген бір студент: «Біз, серпіндіктер, болмасақ, көшелеріңнің аты ауыспай тұра беретін еді. Бізге рахмет айтыңдар», – деді әзілдеген кейіппен. Оның бұл сөзінен кейін қалада тұрып оқитын біршама студент ашуланып, ренжіп те қалды. Меніңше, оның бұл сөзі қала тұрғындарының «серпіндіктерді» қабылдай алмай жүргендігінен туған сөз еді.
«Серпін» бағдарламасы пайда болғанда ел ішінде біраз келеңсіз пікірлер мен түрлі пікірталастар болған болатын. Студент болған соң біршама серпіндіктердің бөтен қалаға сыйыса алмай жүргенін көріп жүрмін. Былайша айтқанда, солтүстіктің қазағы мен оңтүстіктің қазағының басы бір қазанға сыймай жүрген сияқты болып көрінеді.
Оңтүстіктің қазақтары өздерін «қазақтықтың қаймағы сақталған орта мен ар-ұяттың мекенінен келдік» десе, солтүстіктің тұрғындары біз «қазақтықты ұмытпаған және мәдениет не екенін түсінетін жандармыз» дейді. Осылай бір-бірімізбен түсінісе алмай жүрміз. Бұлай кете берсек, жан-жаққа жалтақтаған ұлттық болмысымызды бір танымға тоғыстырып, біріге өмір сүруіміз екіталай.
Қаймағы оңтүстікте сақталған қазақтық еліміздің барлық аймағында бар. Тек қана кейбір аймақтарда тарихи толқынмен ағылшындардың, орыстардың діліне доминаттылық беріп қойғанбыз. Осы доминанттылықты жойып, қазақтың шынайы болмысын қалыптастыру үшін «Серпін» бағдарламасы жақсы жасалған деп ойлаймын.
…Басы бір қазанға сыймай жүрген қазақтар бір-бірінің кемшіліктері мен артықшылықтарын сөз етуден жалықпай жүр. Бір-бірінің жақсылықтарын көре алмай, жамандықтарын бетке басып қалуға тырысуда. Өздерінің мұндай пейілдерін ашық көрсетпесе де, жалған ойын-күлкілерінің астарынан барлығын сездіріп жүреді… Ал, мұндай кейіптері түбінде ешқандай жақсылыққа алып бармасы анық.
«Бөлінбейік» деп бүлініп жүрген қазақтар бір-бірінен тек жақсылықты көре білсе екен деймін. Оңтүстіктің қазағы солтүстікте өскен қазақтан жақсылықтар мен құндылықтарды көре білсін. Солтүстіктің қазағы оңтүстіктің қазағынан ұлттық тәрбие мен ұлттық құндылықтарды тани білсін. Сол кезде бірлігіміз беки түседі. Жоғарыдағы ағаларымыздың «Серпін» бағдарламасына қолдау жасап отырғандағы мақсаттары осы. Ал, жастар, сол мақсаттың жүзеге асуына себеп болып, үмітті ақтай білсек екен деймін.
Жұлдыз Қадірова,
ҚМПИ-дің 3-курс студенті
«Біз, серпіндіктер, болмасақ, көшелеріңнің аты ауыспай тұра беретін еді. Бізге рахмет айтыңдар», — деді әзілдеген кейіппен.
Қостанай қазақтары қалын өзге ұлт арасында тұрып қазақилығын жоғалтпаған, сондықтан "Біз болмасақ" деген әңгімелерді доғару керек. Көше атауын өзгертуге қала тұрғындары, нақтысы сол көшенің тұрғындары қатыса алады. Сол көшеде тұратыны байырғы қостанайлықтар. Серпіндіктерге әрине Рахмет Қостанайда қазақтын саның көбейтіп жүр. Бұдан кейін қалып жұмыс істейтін болса – нағыз патриот екендері көрінеді. БІр бірімізге құрметпен қарайық бауырлар.
Көшенің атын өзгерту үшін жүгіре жұмыс жасаған барлық қоғамдық қызметкерлерге алғысымыз шексіз. Жасай беріңіздер.
Көшенің атын өзгерту үшін жүгіре жұмыс жасаған барлық қоғамдық қызметкерлерге алғыс білдіреміз. Жасай беріңіздер.