Жастар айтады…

малМенің ойымша, латын əліпбиіне көшу өте дұрыс шешім. Латын – бүкіл ғылым мен өркениеттің таңбасы. Қаріп ауыстыру тарихтың тамырына балта шабылды деген сөз емес. Бұл мәселенің қиындығымен айналысатын мамандар бар. Жалпы, оңай шаруа емес. Дей тұрғанмен əбден талдаңып қабылданған өзгеріс болған соң, жастар әліпбидің ауысуына оң көзқарас танытуда.
Нағашыбай Мәдина, ҚМПИ, 1 курс студенті
 
Латын қаріпіне ауысуды қолдаймын. Бірақ, орыс тілділерге кирилицаны қолдануға болады деп жатыр ғой, осы мәселеде қолдамаймын. Латын қаріпіне ауыссақ, мемлекет боп жаппай ауысқанымыз дұрыс болар еді. Себебі, кирилицаны дүниежүзі бойынша тек кезінде КСРО-ның құрамында болған мемлекеттер ғана қолданады. Кезінде, арабшадан латынға өттік, латыннан кирилицаға өткен қазаққа үйрену аса қиындық тудыра қоймасына сенімдімін. Әрине, бар мәселенің екі жағы болады. Кирилицадан ауысуда бізге оңай болмайын деп тұрғанын,  проблемалардың барын да топшылаймын. Дегенмен, латынға көшу дұрыс шешім.
Ақылтай Маржан, ҚМПИ, 3 курс студенті
 
малллЛатын қаріпіне ауысуды қолдаймын. Бірақ, орыс тілділерге кирилицаны қолдануға болады деп жатыр ғой, осы мәселеде қолдамаймын. Латын қаріпіне ауыссақ, мемлекет боп жаппай ауысқанымыз дұрыс болар еді. Себебі, кирилицаны дүниежүзі бойынша тек кезінде КСРО-ның құрамында болған мемлекеттер ғана қолданады. Кезінде, арабшадан латынға өттік, латыннан кирилицаға өткен қазаққа үйрену аса қиындық тудыра қоймасына сенімдімін. Әрине, бар мәселенің екі жағы болады. Кирилицадан ауысуда бізге оңай болмайын деп тұрғанын,  проблемалардың барын да топшылаймын. Дегенмен, латынға көшу дұрыс шешім.
Ақылтай Маржан, ҚМПИ, 3 курс студенті
 
 
 
 
 
маллллБіз латын қаріпіне көшу арқылы түбі бір түркі жұртына мәдениет жағынан жақындай түсіп, тарихымызды жандандырамыз.  Дегенмен, болашақта  аударма мәселесі мен қазақы дыбыстарды таңбалауға қатысты көп мәселелер туындайтын секілді. Әсіресе, әдеби кітаптардың жайы алаңдатады.
Рамазан Қабдырахмет, ҚМПИ, 3 курс  студенті
 
 
 
 
 
 
 
 
 

маллллллЛатын әліпбиін өткен ғасырдың басына дейін қолданылып келгені бәрімізге белгілі. Халықты жаңаша әліпбиге үйрету басында қиындық туғызса да, біздің болашағымыз үшін өте тиімді болары сөзсіз. Өз басым бұл бастаманы қолдаймын. Бәріміз жұдырықтай жұмылып, бірлікпен әрекет етсек латын әліпбиін тез меңгеріп кетеміз деген ойдамын. 

Кенжебекова Таңшолпан, ҚМПИ, 1 курс студент

 

 

 

малллллллллллллллллллллМенің ойымша, латын қаріпіне көшудің бірнеше тиімді және тиімсіз жақтары бар.Тиімді жағы толықтай латын әріптерімен жазу ағылшын тілін үйренуге қолайлы жағдай туғызса, екінші жағынан барлық мемлекеттік қағаздар мен құжаттарды ауыстыру көп шығынға ұшыратады.  Таяқтың екі ұшы бар екенін есімізде сақтаған жөн.

Сұлтан Иният, ҚМУ, 2 курс студенті
 
 
малекЛатын әліпбиіне көшуді жүз пайыз қолдаймын. Бұл өзгеріс елімізге әлемдік аренада өзінің түркілік бренді мен қазақы рухын айбындатып тұруға мүмкіндік береді. Біздер, яғни, жас буын өкілдері жаңа әліпбиді үйренуде қиналмайтынымыз сөзсіз, себебі әлеуметтік  желі, ғаламторда көбіне латын әріптерін қолданамыз.
Назерке Сапақ, ҚМПИ, 3 курс студенті
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓