Қыран жігіт, аққу қыз

Рудный қаласының «Алые паруса» ойын-сауық орталығында IV қалалық «Қыран жігіт, аққу қыз» атты өнерлі жұптар сайысы өтті.кизжигит
Сайысқа Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, көлік және құрылыс колледжі, №13, 19 мектептер мен Қашар қазақ мектебінің үмітін арқалап келген 6 жұп қатысып, 4 кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салды.
Алғашқы таныстыру кезеңінде бозбала мен бойжеткендер өздерін қара сөзбен, сырлы әуенмен таныстырды. Бейнероликтер арқылы әртістік қабілеттерін танытып, шағын сахналық қойылымдар көрсетті.
Сайыстың келесі кезеңінде жарасымды жұптар жеке дара бақтарын сынады. Алдымен нәзік жанды арулар берілген түрлі-түсті қағаздар мен желімді пайдаланып, ою-өрнекті сырмақ жасады. Жігіттертердің бұл кезеңде жан-жақты білімі мен білек күші сыналды. Олар ат әбзелі, жол белгілері, көлік түрлері, спорттық құрал-жабдықтар бойынша суретте берілген тапсырмаларды орындады.кыран«Ас адамның арқауы» демекші, үшінші кезеңде арулар қазақ, орыс, өзбек, украин, татар және еврей ұлтының тағамдарын қазылар алқасына ұсынып, оны дайындау барысы туралы әңгімеледі.жупрат
Шығармашалық кезеңде қатысушылар ән айтып, би биледі. Басқа да өнерлерін ортаға салып, аянып қалған жоқ.
Сайыс қорытындысы бойынша әділқазылардың бірауыздан шешімімен №19 мектептің намысын қорғаған Жасұлан Өтемұратов пен Малика Нұрдуллаева «Қыран жігіт, аққу қыз» байқауының бас жүлдесін иемденді. Қалған бес жұпқа тиесілі орындар мен «көрікті», «жарасымды», «өнерлі», «икемді» жұп сияқты номинациялар табысталды.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓