Мауқұлов сот залында босатылды

Қостанай соты «Қостанай облыстық әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің бұрынғы басшысын пара алды деп айыптап, 24 500 000 млн теңге көлемінде айыппұл белгіледі.61771998-968Қостанайдың №2 соты 1967 жылы туған Әмірхан Мауқұловқа қатысты ҚР ҚК 366-бабы, 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс бойынша үкім жариялады.  Еске сала кетейік, Әмірхан Мауқұлов «Арақарағай орман шаруашылығы мекемесі» МКМ директоры Ш.-мен сұхбат барысында одан пара талап еткені анықталған болатын. Қостанай облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері тарапынан ұсталған оны сот айыпты деп таныған.
Ол сот залында босатылды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓