Емле ережесіндегі бірізділікті сақтайды
Алмасбек ӘБСАДЫҚОВ,
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың стратегиялық даму басқармасының басшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Латын әліпбиіне көшу бүгін ғана көтерілген мәселе емес. Президент тарапынан 2007 жылдан бері оқтын-оқтын көтеріліп келе жатыр. Ары қарайғы тарихына баратын болсақ, 1990 жылы Кеңес үкіметінен енші алған көрші елдердің бірсыпырасы, түркі тілдес халықтар латын қарпіне көшті. Олар: Әзербайжан, Өзбекстан, Түркіменстан сияқты бірқатар елдер. Сол кезде Қазақстандағы қоғам қайраткерлері, филолог-ғалымдар, тілшілер тарапынан латын қарпіне көшу мәселесі көтеріліп, қызу талқылауға түсті. Бірнеше жобалар да ұсынылды. Бірақ, Президент бұл мәселені мемлекеттік деңгейде көтерген жоқ. Себебі, Президенттің сол кездегі алға қойған мақсаты мынадай еді: бірінші – экономика, содан соң – саясат. Елбасының пайымында, саясатында елдің әл-ауқатын көтеру басты назарда болды. 2000 жылдан бастап латын қарпіне көшу жайы қайтадан көтерілді. 2007 жылы Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде латын қарпінің маңызы туралы айтты. Мемлекет басшысы 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл¬дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдеді.
Елбасының биылғы жылы жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мазмұнына қарап отырсақ, Президент латын әліпбиіне көшудің алғашқы қадамдарын жасау керек деген тапсырманы жүктеп отыр. 2018 жылға дейін латын әліпбиінің ортақ үлгісін қабылдауымыз керек. Республикадағы осынау маңызды оқиғаға үн қосуды, пікір білдіруді өзіміздің парызымыз деп санаймыз. Ортақ алфавитті жасаған кезде мынадай мәселерді ескеру керек: бірінші, қоданыстағы ақпараттық-технологиялық құралдары, компьютердің пернетақтасы британдық 26 әріпке негізделіп жасалған. Біздің латын алфавитіміз сол 26 әріпке негізделіп даярлануы керек деп ойлаймын. Екіншіден, қазақ алфавиті сингармонизм заңына негізделгені дұрыс, яғни жуан және жіңішке деген үндестік заңына бағынуы керек. Үндестік заңына бағына отырып, әріптердің санын қысқартуға ұмтыламыз. Үшіншіден, кириллицаның кезінде пайда болған басы артық дыбыстардан бас тартқанымыз дұрыс. Басы артық дыбыстар біздің ана тілімізді бұзды. Сонымен қатар орфография мен орфоэпияны бірізділікке түсіріру керек. Қазір біз Бернард Шоудың сөзімен айтатын болсақ, кейбір сөздерді ит деп айтамыз да, шошқа деп жазамыз. Латын қарпіне көшу процесін пайдаланып тіліміздің емле ережесін жөндеп алуымыз керек. Мысалға жиі қолданатын кітап сөзін алыңыз. Біз кітӘп деп айтып, кітАп деп жазамыз. Ахмет Байтұрсынов фонетикалық принциппен жазуымыз керек деген. Бұл түсінік сөзді құлаққа қалай естілсе, солай жазу дегенді білдіреді. Ахаң айтып кеткен заңдылықты ескерсек, сөзді адамға үйрету де, сауатты жазуға да оңай болар еді.