Жылқы іздеп шыққан…
Қостанайда үйір жылқы іздеп шығып, жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім есен-сау табылды. Бұл туралы ақпаратты Қостанай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.2007 жылы туған Кирилл Дукарт 3 қаңтар күні сағат таңғы 10-дар шамасында үйден жылғы іздеуге шығып, хабарсыз кеткен. Жеткіншекті іздеу жұмыстарын ТЖД қызметкерлері мен "ДОС" құтқару-іздеу отряды ауданның Александр ауылдық округіне қарасты Жуков елді мекені аумағында жүргізген. Барлығы 110 адам, 26 техника жұмылдырылды.
Ол сағат 23.46 кезінде Майкөл ауылдық округінің Шеминов ауылынан табылды. Кириллдің айтуынша, боран салдарынан бағытынан адасып, кейін қайтар жолды таба алмай қалған. сағат 23.30-да Шеминов ауылына аяғы ілігіп, алғашқы кезіккен үйдің есігін қағып, жылынып алуды өтінген. Сол жерде жоғалған жасөспірімнің табылғаны туралы хабар беріліпті.
Одан ар еріктілер Кириллді штабқа жеткізіп, ол ата-анасының қолына тапсырылған. Дәрігерлер баланың денсаулығы жақсы екенін айтты.