«Рухани жаңғыру» жастар акциясы басталды
Бүгін елімізде «Рухани жаңғыру» республикалық жастар акциясы басталды. Ауқымды акцияға қостанайлық жастар да үн қосты.

Тобыл өңірінің жастары А.Байтұрсынов ескерткіші орнатылған алаңға жиналып, флешмоб биледі. Іс-шараға қаладағы жоғары оқу орындарының екі жүзге жуық студенті қатысты. Флешмобты Константин Чеботардың жетекшілігіндегі «Индиго» би ұжымы бастап берді. Ұлттық киім киген қыз-жігіттердің биін студенттер, белсенді жастар жалғастырды. Қатысушылар «Рухани жаңғырудың» логотипі мен «Қостанай» деген жазуы бар футболка киді.


Қ.Мұратбекқызы
Суретті түсірген А.ЖҮЗБАЙ
Суретті түсірген А.ЖҮЗБАЙ