Левит оқуын жалғастырмақ
Василий Левит Қарағанды экономикалық университетінің магистратурасында оқитын болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит «кедендік қызмет» мамандығын бойынша білім алмақ. Бұдан бөлек Бақтияр Артаев осы университетте білімін жалғастырады. Ол «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын таңдаған.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, спортшылар мемлекеттік оқу гранттарын алып, тегін оқитын болады. Магистрлік курс екі жылға созылмақ.
«Мен Серік Сәпиевтің ізін қудым. Ол осы университетте оқиды. Бірінші алған жоғарғы білімім – заңгер, екіншісінде кедендік қызметті таңдадым. Келешекте өмірімді осы мамандықпен байланыстыруым әбден мүмкін», – деді Василий Левит.
Бұған дейін Василий Левит Қарағанды экономикалық университетінде қонақ ретінде болып, студенттермен кездесіп, шеберлік-сағаттарын өткізген.