Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының ІV жазғы Паралимпиялық ойындары басталды.

Бәсекеде еліміздің әр түпкірінен келген 594 мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысады. Сайыс төрт күнге созылады. Жеті спорт түрінен 424 медаль сарапқа салынуда.
Ойынның қортындысы бойынша спортшылар мен командалар әр түрлі дәрежелі дипломдарға ие болып, кубоктар, медальдар және де бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жарыс жеңімпаздары ІV Паралимпиялық ойындары 2016 жылы Рио-де Жанейро қаласында өтетін Паралимпиялық ойындарға лицензиялар ұтып алудың дайындық сатысы болып табылады.

IMG_5988

Мамыр айынан бастап, Қазақстанның барлық аймақтарында 4000 спортшы қатысқан облыстық және қалалық денгейде іріктеу кезеңдері болып өтті. Тек мықтылары ғана Республикалық дәрежесіне шыға алды. Айта кетейік, сынға түскендердің қатарында облыстық туризм басқармасы мен спорт саласындағы лауазымды тұлғалар да қатысты.
Қостанай қоржынына алғаш медаль салған «Үміт-Надежда»  Қоғамдық бірлестігінің Төрағасы  Дүйсенғали Оспанов.      

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓