Ойнамай орнын жоғалтты

Қазақстан футбол федерациясы қостанайлық  «Тобыл» ойыншысы Никола Тоневты біздің елде футбол ойнаудан шектеді және 500 мың теңге айыппұл салды.
ффффЕстеріңізге сала кетсек, Тонев әлеуметтік желідегі парақшасына Қазақстан паспортымен түскен фотоны салып, «Мен Қазақстан азаматымын» деп жариялаған. Қазақстанға келгеніне жыл толмаған ойыншының бұл жарияланымынан кейін журналистер мен блоггерлер оның азаматтық алуына күмән келтірген еді. Кейін Тонев Қазақстан азаматтығын алмағандығын және әлеуметтік желіге фотоны өзі салмағандығын айтып ақталды. құұұОйыншының оғаш қылығын таразыдан өткізген ҚФФ тәртіптік комитеті оны Қазақстанда футбол ойнаудан бір жолата аластатты. Ал футболшыға жалған құжат жасап берді деген айыппен «Тобылдан» үш ұпай алынып, 700 мың теңге айып салынды.
Мешіт Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓