Балалар тамақтан уланды
Алтынсарин ауданындағы “Мерей” жазғы лагерінде демалып жатқан төрт бала тамақтан уланып, Қостанай қалалық ауруханасына түскен.
Аурухананың бас дәрігері Әсия Бәйменованың айтуынша, балаларға гастроэнтероколит диагнозы қойылып отыр, уланудың нақты себептері тек бактерологиялық зерттеуден кейін ғана анықталмақ. Ал, ол 5-7 күннен кейін белгілі болады. Қазір балалардың жағдайы қалыпты көрінеді. Осы оқиғаға байланысты 5 тамыз күні санитарлық дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері демалыс лагерінде болып, тексеру жұмыстарын жүргізген. Белгілі болғандай, сол күні тамақтан уланған 41 бала медициналық көмекке жүгінген. Солардың төртеуі қалалық аурухана түскен, ал қалғандарына асқазандарын шаю арқылы медициналық жәрдем көрсетілген.
Қазір осы іске қатысты Алтынсарин аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғады.
Қарлығаш Оспанова