Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

2021 жылғы 21 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық пікірлерді ескеру мақсатында әйел мен балалардың құқықтарын қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу  бойынша жоспарланған шараларды жұртшылықпен  кеңінен талқылауды тапсырды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында еліміздің өңірлерінде отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды сақтауға және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған шаралар аз емес. Қоғамда заң нормаларын жетілдіру жөніндегі жұртшылықтың ұсыныстарын талқылау  бойынша тұрғындармен кездесулер өткізілуде.
12 тамызда Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанованың қоғам өкілдерімен ZOOM-кездесуі өтті.
Кездесуде Ұлттық және өңірлік комиссиялардың мүшелері, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңестердің  өкілдері қатысты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓