Бір мезетте екі көлік жанып кетті (БЕЙНЕ)

Оқиға Гашек көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жүріп келе жатқан көліктің бірінен түтін білініп, бірнеше секунд өткенде өрт шыққан. Олар бірден өрт сөндірушілерді шақырған. Сондай-ақ, тұрғындар өртеніп жатқан көліктердің бейнежазбаларын әлеуметтік желілерге жариялауда. Бейнежазбадан жанған көліктердің «Ауди» маркалы екенін анық көруге болады.kDcUY1OmBZMОқиға орнында Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері жүр. Өрттен шыққан қара түтін бірнеше метр аумақты қамтып кеткен. Себептері анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.N5UIRH4e7lQЕске сала кетейік, бұл Қостанайда орын алып отырған екінші ірі апаттық жағдай. 10 қыркүйек күні қаладағы «WЕSТ» түнгі клубы жанып кеткен еді.
 
Қ.Боранбайұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓