Қарыз қайтсе азаяды?
Облыс орталығында жылу қазандықтарын жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Тек, өткен жылдардан бері қордаланған қарыз сала мамандарының екі қолын жіпсіз байлап отыр. Бүгінде, қала тұрғындарының тұтынған жылуға берешегі 386 млн. теңгеден асады. Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы өкілдерінің айтуынша, борышкерлер қарыздан құтылуға асықпайтын сыңайлы. Сондықтан, олармен сот орындаушылары айналысып жатыр. Қайткенде, қарыз өтелуі тиіс. Берешекті өндіріп алу үшін бүгінге дейін 1300 – дей тұтынушы ыстық судан ажыратылған.
Жылу беру маусымы басталғанда мсындай келеңсіз жағдай болмасы үшін сала мамандары тұрғындардан коммуналдық төлемдерді уақытылы төлеуге шақырады. Жалпы, жылу берушілер қысқы маусымға толық дайынбыз дейді.
Бек Телеу