Астық бағасы жарияланды
Республикамыздағы негізгі егін өлкелері жаппай егін ору жұмыстарына кірісті. Бүгінге дейін еліміз бойынша 4 млн 265 мың га астық жиналды, деп хабарлады бүгін еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, бұл өткен жылдағы көрсеткіштен жоғары. Орташа өнімділік гектарына 13,4 центнерді құрайды. Бүгінгі таңда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі астықты сатып алу бағасын жариялады. Ағымдағы егін ору маусымында бидай бағасы оның сапасы мен жеткізу орнына байланысты кеңейтілді. Осыған байланысты 1 тонна астық бағасы келесідей болды:
– Құрамында 23% клейковина және 12% протеині бар 3 сұрыптағы бидайдың тоннасы – 42000 теңге;
– Құрамында 25% клейковина және 13% протеині бар 3 сұрыптағы бидайдың тоннасы – 45000 теңге;
– Құрамында 27% клейковина және 14,5% протеині бар 3 сұрыптағы бидайдың тоннасы – 50000 теңге (54000 теңге – АҚО-да қапшықталған);
– Құрамында 32% ұлпа және 15% протеині бар 3 сұрыптағы бидайдың тоннасы – 60000 теңге (АҚО-да қапшықталған);
– Құрамында 20% клейковина және 11% протеині бар 4 сұрыптағы бидайдың тоннасы – 39000 теңге;
– Құрамында 18% клейковина және 9,5% протейні бар 4 сұрыптағы бидайдың тоннасы – 37000 теңге;
– 5 сұрыптағы бидайдың тоннасы – 33000 теңге.
Сонымен қатар, 2 сұрыптағы арпа бағасының жеткізу көлемі 1000 тоннаға дейін болса, 40000 теңгеге, ал жеткізу көлемі 1000 тоннадан артық болса, тоннасы 41000 теңгеге дейін артты. Барлық бағалар ҚҚС қоса алғанда көрсетілген.