Мамонттың азу тісі табылды

Күні кеше Құсмұрын көмір разрезінен мамонттың алып азу тісі табылды. Бұл ғылыми құндылық Қостанай облыстық өлкетану музейі қорына тапсырылды. мамонтЕжелгі алып жануардың азуын разрездің техникалық директоры Антон Филиппов алып келген. Оның сөзінше, тасқа айналған бұл артефактті эксковатор жұмысшысы көмір қазу кезінде тауып алыпты.
Музей қызметкерлерінің айтуынша, мамонт қалдығы аймағымыздың бағзы дәуірдегі фаунасынан сыр шертетін экспозициялар қатарынан өз орнын табады. Бірақ оған дейін ол әуелі барлық ережелерге сәйкес қоймаға рәсімделіп, жарық пен оттегі әсерінен бүлінбес үшін арнайы химиялық құрамдармен өңделуі керек. Мамандар азу тістің салмағы шамамен 60 келі болатынын айтады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓