Ұяда не көрсең…

Өмірде әр бала-кішкентай бір әлем. Жасөспірім балалардың жан дүниесі нәзік, сезімтал болып келеді. Ата-ананың айтқан сөздерін, іс-әрекеттерін, сонымен қатар теледидардан көргенінің барлығын тез қабылдағыш келеді. Көгілдір экраннан берілетін кейбір көркем фильмдер жасөспірімдерді қылмыстық іске итермелейді.

жасөспірім

Сол кинодағы іс-әрекеттерді көріп, егжей-тегжейіне көз жеткізбестен, қатыгез қылмыстарды қайталайтындар да кездесіп жатады. Жасөспі-рімдерді қылмыстық іске итермелейтін басты себептердің бірі-олардың отбасында бақылаудың болмауында. Сонымен қатар, жасөспірімнің тәртіп-сіздікке бой ұруына өмірлік тәжірибесінің жоқтығы, баланың  өзіне дос таңдай алмауы әсер етеді. Отбасы мүшелері баланың уақытында сабақтан келуін, жолдастары мен қарым-қатынас жасайтын адамдарын қадағалап, тексеруді міндетіне алғандары жөн.

Қостанай  қаласындағы  №1 мектептің 10-шы сынып оқушысы Сережа 2013 жылдың 29   наурызында  бұрыннан  білетін Артем есімді жолдас баласын кездестіреді. Бұл жасөспірімдерге кәмелетке толған нашақор Аркадий қосылады. Сөйтіп үшеуі дүкеннен бір-бір шөлмектен сыра алып, анаша тартып, сосын тағы да сыра алып ішеді. Естерін білмей көшеде тұрған оларды полиция инспекторы байқайды. Сөйтіп оларға көпшілік орында осы түрде жүруге болмайтынын айтып ескерту жасайды, жасал-ған ескертуге олар құлақ аспағасын, полиция инспекторы телефонмен кезекші топты шақырады. Екі жасөспірім полиция инспекторын ұрып-соға бастайды, полиция инспекторы ескерту оғын атып үлгіреді.

Қазіргі уақытта екі жасөспірім – Сережа мен Артем Қостанай облысы бойынша ҚАЖД қалалық қылмыстық-атқару инспекциясында есепке алынды. Жасөспірімдер өз жазаларын   1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрі бойынша өтейді. Оларға Қостанай облысы №2 қалалық сотының үкімі бойынша ҚК 45 бабында көрсетілген міндеттер жүктеледі.

        Д.Меңдібаев,

Қостанай  облысы  бойынша ҚАЖД

  Қалалық  қылмыстық-атқару инспекциясының  инспекторы.

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓