Салтанат А.Байтұрсынов атыдағы ҚМУ алдындағы алаңда болды. Оқу орнының алдына жүздеген адам жиналды.

Облыс көлеміндегі оқу ордаларының студенттері спорттық, әншілік-әртістік, тапқырлық сайыстарында сынға түсті. Үміткерлерді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтады. Өңір басшысы жастардың ел өміріндегі рөлдері ерекше екенін, сондықтан кемел келешек солардың қолында екенін өз сөзінде айта кетті.
А.Бегежанұлы құттықтауынан соң 2017 жылғы "Студенттік көктем" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін жүргізді. Әуелі аталым иегерлері сахнаға шақырылды. Ұзын саны он номинация табыс етілді. Ал осы жылы Гран-приді бірден екі ЖОО – А.Байтұрсынов атыдағы ҚМУ мен М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ бөлісті.

Келер жылғы байқауды ұйымдастыру А.Байтұрсынов атыдағы ҚМУ-не міндеттелді.