Қала күніне тарту! “Тобыл” “Ақжайықтан” басым түсті
Ел біріншілігінің 25-туры аясында "Тобыл" өз алаңында Оралдың "Ақжайығын" қабылдады. Қала күнімен тұспа-тұс келген бұл ойыннан жеңіске деген үміт зор еді. Стадионға жанкүйерлер көп жиналды. Үміт ақталды."Тобыл" қарсыластан басым түсіп, Қостанайға жеңіс сыйлады.
Алғашқы минуттардан-ақ, алаң иелері басымдықты өздерінде ұстады. 11 минутта Дидар Жалмұқан өз командасына бұрыштама добын сыйлады. Ал Нұрбол Жұмасқалиев көтерген допқа Жасұлан Молдақараев бірінші жетті. Оның құлап барып ұрған добы Котляр қорғаған қақпаның алыс бұрышына түсті. 1:0!
Екінші таймда да алаң иелері ойынды өз қолына алды. Ұрымтал сәттердің бірінде қақпашы Непогодов допты алғы шептегі Щеткинге асырды. Қарсы шабуылға ұмтылған Алексей өзімен қосарласа жүгірген Самат Жарынбетовке тамаш пас берді. Ол алдыға сәл жылжып, қақпаға ұрды… доп қарсылас қақпасында тулады.