500 заңсыз қару тәркіленді
Облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдегендей, жыл басынан бері полицейлер заңсыз айналымда жүрген 500 бірлік әртүрлі қару-жарақ тәркілеген.
Тәртіп сақшылары осы кезге дейін азаматтар тұтынысындағы 20 мыңға жуық қаруды тексерген. Нәтижесінде, заңға қайшы деп табылған 807 қару иесі әкімшілік жазаға тартылып, 292 адам оны сақтау және тұтыну құқығынан айырылды.
"Тәркіленген қарулардың жалпы санынан: 27-сі – иір ойықты мылтық, 435-і – тегіс ұңғылы қару, 46-сы – газды қару, 1-і – травматикалық, 31-і – электрлі", – деп нақтылады баспасөз қызметі.
Жедел алдын алу шаралары мен акциялар аясында тұрғындар өз еріктерімен 463 қару тапсырған. Оның 143-і тіркеуде болмаған.
Қарудың ең көп париясы 76 жастағы Қостанай қаласының тұрғынынан тәркіленді. Оның үйінен 7 пистолет, 2 ұсақ калибрлі винтовка, 600-ге жуық патрон, Макаров пистолетінің оқшантайы, дыбыс тұншықтырғыш, автомат шүйдесі, оқдәрілі банкілер, пышақтар мен тапанша қап табылған.