Құрбан айт – ұлық мейрам
Барша мұсылман қауымы үшін Құрбан айттың маңызы ерекше. Елбасының ұлттық мерекелердің мәртебесін көтеру бастамасының арқасында бұл діни мейрам мемлекеттік деңгейде атап өтіліп келеді. Биыл Құрбан айттың алғашқы күні 1 қыркүйекте басталады. Осы мейрам қарсаңында құрбан шалудың шарттарын оқырман назарына ұсынуды жөн көреміз.
Құрбан араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы «шарттарымен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айтта құрбандыққа мал шалу — Ханафи мәзһабында (шамасы жеткендерге ғана) уәжіп.
Құрбандық шалудың пайдалары мен хикметтері
– Алла тағаланың әмірлерін қалтықсыз орындау пендені Жаратушының ризашылығына бөлеп, ақыретте сый-сыяпатқа кенелтеді.
– Құрбан шалу — Ибраһим пайғамбарымыздан (а.с.) жалғасып келе жатқан сүннет.
– Адам баласы Құрбан айтта құрбан шалу арқылы Ұлы Жаратушысының өзіне берген сансыз нығметтерінің шүкірін өтеп, күнәларына кешірім тілейді.
-Табиғатында өзімшілдік, сараңдық, дүниеқоңыздық секілді жағымсыз қасиеттері бар адам нәпсісі Құрбан айтта тек қана Алла тағаланың ризашылығын ойлайды. Бір малын қиып, кедей және мұқтаж бауырларына жәрдем беру арқылы жаман қылықтарын бауырмалдық, жомарттық, кішіпейілдік секілді жақсы қасиеттермен алмастырады.
– Дүние жүзінде жыл сайын миллиондаған мал сойылып жатады. Бірақ сол сойылған малдың еттері кедей-кепшіктердің бәріне жете бермейді. Құрбан айтта осы кедей, жағдайы нашар адамдардың жағдайы ойластырылады.

-Жоқ-жітік атынан құрбан шалу – сүннет.
Құрбандық шалу кімдерге уәжіп?
Төмендегідей төрт шартқа ие жандарға құрбан шалу уәжіп:
– Мұсылман болуы;
– Ақылды және балиғат жасына толуы;
– Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы;
– Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы.
Нисап мөлшері – 85 грамм алтын, яки соның құнына тең келетін ақша. Мұндай байлық мөлшері қолында жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанымен, жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат етіледі.

Құрбандық шалудың негізгі мәні мен маңызы
Құрбан шалу – мұсылмандықтың рәмізі.
Құрбан шалу – ұлы ғибадат.
Құрбан шалу – жүректі дүниеқұмарлықтан, сараңдықтан аластатады.
Құрбан шалудың қоғамдық пайдалары мол.
Құрбан шалу – құл екендігіміздің, дінге бекемдіктің белгісі.
Құрбан шалу – Алланы еске алу әрі шүкір ету.
Құрбан шалу – Алланың жомарттығына құлдардың да қайтарым жасауы.
Құрбан шалу – Аллаға деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Құрбан шалу шаңырақты берекеге бөлейді.
Құрбан шалу бәле-жалаларды аластатады.
Құрбан шалу Алланы ұлықтауды әрі мұсылмандардың бір-біріне деген жанашырлығын білдіреді.
Құрбан шалған адам өзінің діни міндетін орындаған болып саналады.
Құрбан шалу мүмінді ақыретте мол сауапқа кенелтеді.
Құрбан шалу бай мен кедейдің арасын жақындастырады.
Құрбан шалу көрші ақысын еске салып, татулыққа бастайды.
Құрбан шалу мал шаруашылығына көңіл бөлдіреді.

Құрбандыққа шалынатын малдар жайында
– Олар: түйе, сиыр, қой және ешкі. Бұл жануарлардың еркек не ұрғашы болуы шарт емес.
– Малдың он екі мүшесі сау болуы шарт. Яғни ауру, соқыр, ақсақ, көтерем, сонымен қатар құлағы не құйрығының үштен бірі кесілген мал құрбандыққа жарамайды. Ал құлағы тілініп не кесіліп ен салынған мал құрбандыққа жарамды. Бірақ мұндай малды құрбандыққа шалу – мәкруһ. Тоқал және мүйізі сынған, піштірілген мал да құрбандыққа жарамды деп саналады.
Егер құрбандыққа шалынатын малды сатып алғаннан кейін оның денесіндегі бір кемістікті байқаса, оны ауыстыру керек. Ал сойғаннан кейін не сояйын деп жүріп майып қылып алса, оқасы жоқ. Мысалы, соямын деп пышақты малдың алқыныман тақай бергенде, мал ытқып кетіп, пышақты малдың көзіне тығып алса немесе союға сүйреп келе жатып, аяғын сындырып алса, сол малды құрбандыққа шала береді.
– Құрбандыққа арналған мал шариғат бекіткен жасқа толуы керек. Қой мен ешкінің жасы бір
жылдан асқан болуы керек. Тек алты айдан асқан семіз, бір жастан асқан басқа қойлардан дене-бітімі кем емес, бағлан марқа қозыны құрбандыққа шалуға болады. Сиыр екі жастан, ал түйе бес жастан асқан болуы қажет.

Құрбандыққа шалынатын мал қанша адамға жетеді?
Қой және ешкіні бір адам ғана сояды. Бір адам екі не одан да көп құрбандық шала алады және барлық құрбандықтарының сауабын алады. Ал сиыр мен түйені жеті адам бірігіп союларына болады. Бір адам жалғыз өзі бір сиыр не түйені құрбандыққа шалуына рұқсат етіледі.
Құрбандықтың уақыты
Құрбандық шалудың бекітілген уақыты бар. Осы уақыттан бұрын және кейін құрбандық шалуға болмайды. Ал осы уақыттан бұрын шалынған құрбандық күнделікті қажеттілік үшін сойылған мал есебінде болады және ол құрбандықтың орнына жүрмейді.
Айт намазы уәжіп болған елді мекендерде құрбандық шалу айт намазын оқып болғаннан кейін басталады. Ал айт намаздары оқылмайтын жерлерде таң атқаннан бастап малын соя беруге болады.