Басылымға құрметі – баршаға үлгі
"Қостанай таңының" Аманкелді ауданындағы күндері
Облыстық "Қостанай таңы" газетінің ең көп оқырманы – Аманкелді ауданында. Ежелгі Батпаққара өңірінде басылымға 1600-ден астам адам жазылады. Ел іші облыстың айнасын асыға күтетінін қуана айтты. Өйт-кені, ел жаңалықтарын, өңірдің тыныс-тіршілігін "Қостанай таңынан" оқимыз дейді жұрттың өзі.
Құмкешу ауылы қос ауданның түйіскен жерін-де қазық қаққан іргелі мекен. Кезінде қазақтың бас ақыны – Абай есімін иеленген шаруашылықтың бүгінгі келбеті де айшықты. Ауыл мектебі осыдан алты жыл бұрын күрделі жөндеуден өтті. Білім ошағының іші-сырты ерекше бедерленген. Құмкешудің өз мешіті бар. Ауыл тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл енді шалғай елді мекенге мемлекет тарапынан жасалған қамқорлық екені даусыз. Округті іскер азамат Дүйсенғали Айтбаев басқарады. Ауыл басшысының айтуына қарағанда, Құмкешудегі 112 отбасының бәрі "Қостанай таңын" жаздырып алады. Мерзімді басылымдар елді мекенге аптасына екі рет жеткізіледі. Журналистермен жүз-десу ауыл мектебінде өтті. Ауыл тұрғындары "Қостанай таңы" газетінің ұжымын үлкен ілтипатпен қарсы алды. Оқырмандар атынан зейнеткер Бұзаубақ Рахметов ақсақал және мектеп директоры Зүбәйдә Нұрханова газет ұжымына өз тілек-лебіздерін жеткізіп, көкейдегі ойларымен бөлісті.

Мәдени-көпшілік шараға аудан әкімі Жансұлтан Тәукенов арнайы қатысып, газет ұжымына ізгі лебізін білдірді. Әрі "Қостанай таңы" газетінің таралымы көбеюіне одан әрі көмектесетіндігін жеткізді.

Аманкелді ауданындағы "ҚТ жанашырлар клубының" мүшелері:
Сабыржан Хайруллин, аудан әкімінің орынбасары,
Рәшит Есмағамбетов, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері.
Жұманияз Ильясов, Амантоғай ауылдық округінің әкімі
Төлеутай Құсайынова, Аманкелді орта мектебінің директоры,
Гауһар Жанділдина, Аманкелді селолық округі әкімінің орынбасары.
Сағидолла Жанділдин, Аманкелді кентінің тұрғыны
ОҚЫРМАНДАР ОЙ БӨЛІСЕДІ

Кәмшат ӘБЖАНОВА, А.Иманов атындағы мемориалдық музейінің ғылыми қызметкері:

– Мен "Қостанай таңының" тұрақты оқырманымын. Сонау партия заманынан бастап бұл басылым маған етене таныс және досым деп есептеймін.Газеттегі "Өмір-өзен", "Быды-быды", "Зерде" сияқты айдарлар аса ұнайды. Өз басым қызығып оқимын.
– Облыс орталығына барғанда Ресейге бар-ғандай әсерде қаласың. Қаладағы кафе, мейрамханалардағы жазуларға, көше атауларына бір сәт назар аударып, соның дұрыс жазылуына қолдау көрсетулеріңіз керек сияқты.
– Облыста 900 мыңға тарта тұрғын болса, соның тек 1 пайызы ғана газетке жазылады екен. Ал Қостанай өңірінде қазақтың жалпы саны 36 пайыздан асады. Сондықтан, менің тілегім: қазақ тілді барша оқырмандарды,оның ішінде студенттерді,жастарды газетке жазылуға тарту керек.
–Біздің өңірден қаншама спорт, өнер саңлақтары шықты. Солардың жетістіктері туралы жазсаңыздар, мұның жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні өте зор. Сосын тағы бір айтайын дегенім, өмірден ерте озған өнер иелері туралы, мәселен сазгер Ерлан Нұрманғалиев жайлы неге қалам тартпасқа…
– Біздің елде 60 жылдардан бері жөнделмеген бөгеттер бар. Бұзылып, әбден мү-жілген сол бөгеттер су ұстамайды. Облыстағы су шаруашылығының басшылары Сіз-дермен бірге сол жерлерді аралап, өз көздеріңізбен көрсетулеріңізді сұраймын.
– Бұрын штаттан тыс қоғамдық тілшілер деген болушы еді ғой. Айтайын дегенім, ел ішінде атқарылып жатқан жұмыстар өте көп. Сол туралы басқа да азаматтар жазғанын газеттеріңізге шығарсаңыздар екен деген тілегім бар.
– Тілшілеріңіз жиі ауылға шығып,нағыз еңбек адамдары , олардың атқарған еңбегі жайлы жазғанын қалаймын. Сосын сыни материалдарға да орын беріп қойсаңыздар жөн болар еді. Әлібек ЫБЫРАЙ Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ