Назарда – қауіпсіздік
Рудныйдың өнеркәсіптік аумағында тағы бір «Жаяу жүргінші торы» орнатылды. Еске сала кетсек, дәл осындай ақпараттық-ескертпе құралы осыдан екі апта бұрын Ленин көшесінде де іске қосылған болатын. Жобаны ERG мен Қостанай облысы әкімдігі арасындағы меморандумға сәйкес жергілікті әкімдік пен «ССКӨБ» АҚ жүзеге асырды. Басты мақсат – жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру.

– Қала мен өндірісті жалғайтын күре жолда күні-түні көліктер тынбайды. Бейнебақылау жүйесі болмағандықтан жылдамдыққа қарамай жүйткитіндер аз емес. Жаяу жүргінші жолағының маңына осындай құрылғыны орнатқаны өте дұрыс болды. Біз енді еш алаңдамай жолды кесіп өте аладыз, – дейді Жөндеу-механикалық зауытының жұмыскері Саян Капизов.


Қуаныш ЕСҚАБЫЛ